27 қаң, 2020 сағат 06:00

Коронавирус індеті: Қытайдағы теннис жарысы Қазақстанға көшірілді

Халықаралық теннис федерациясы 26 қаңтар күні Қытайда коронавирустың жаппай таралуына байланысты жарысты Қазақстанда өткізуді шешті, – деп хабарлайды теннис федерациясы.

Теннистан болатын сайыс Қытайдан Қазақстанға көшірілді. Теннис турнирі Қытайды Дунгуан қаласында 4-8 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған, алайда індетке байланысты жарыс дәл сол күндері Нұр-Сұлтанға ауыстырылды.

"Іс-шараны ауыстыру туралы шешім Қытайдағы қалалардың жабылуына қатысты шығарылды. Бұған қоса қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың пікірі ескерілді", - деп жазылған теннис федерациясының хабарламасында.

Теннистан өтетін сайыста Қытайдан, Тайвань, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея және Өзбекстаннан келген ойыншылар бақ сынасады.