#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Елде 228 адам вирус жұқтырды

  • 28.03.2020
  • 0
  • 189

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 22.00-дегі дерегі бойынша, елде тағы 20 адамнан (Нұр-Сұлтанда 18, Алматы қаласы мен Ақмола облысында бір-бір науқас) коронавирус табылды. 

Елде барлығы 228 адамнан вирус жұқтырды. Министрлік Алматыда тағы бір науқастың Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады. Қазірге дейін елде барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған. 

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

Вирус жұқтырған 228 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 135 адам
  • Алматыда - 59 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысында - 5 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар