26 мам, 2020 сағат 06:06

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас саны 9000-ға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетіне шалдыққан 438 адам анықталды. Өсім 5,1% құрады, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Атап айтқанда, 25 мамыр күні инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары келесі өңірлерде тіркелді:

Алматы қаласында – 75 (3,4%)

Шымкент қаласында – 69 (11,3%)

Қарағанды облысында – 67 (11,3%)

Нұр-Сұлтан қаласында – 56 (3,4%)

Жамбыл облысында – 51 (17,5%)

Батыс Қазақстан облысында – 38 (9,2%)

Атырау облысында – 32 (3,6%)

Түркістан облысында – 17 (5,4%)

Алматы облысында – 12 (4,2%)

Қызылорда облысында – 8 (2,4%)

Қостанай облысында – 5 (4,1%)

Маңғыстау облысында – 5 (3,0%)

Ақтөбе облысында – 2 (0,7%)

Ақмола облысында– 1 (0,7%)

Сондай-ақ өткен тәулікте індеттен 163 адам емделіп шықты.

Жалпы ел бойынша 8969 адам дертке шалдығып, 4515-і жазылып, 35 адам қайтыс болды.