14 мам, 2020 сағат 06:00

Қазақстанда бір күнде 154 адамнан коронавирус табылды

Коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штаб 14 мамырда таңертең соңғы бір күнде Қазақстанда 154 адамнан коронавирус табылып, 185 адамның жазылып шыққанын хабарлады. 

"Өсім 2,5 пайызды құрайды. Жалпы науқастар 5571 адамға жетті" делінген хабарламада. Барлығы 2476 адам аурудан айыққан. 

Республика бойынша науқастар саны жағынан Алматы (1678), Нұр-Сұлтан (1148) және Атырау облысы (457) алда тұр. 

Қазақстанда 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанмен карантин сақталған. Елде бірқатар бизнес нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат етілген, саябақтар ашылған. 18 мамырдан бастап дәмхана, мейрамханалар, діни орындар мен қонақ үйлер жұмыс істей бастайды. Дегенмен елде ірі ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, ірі сауда орындары жабық.