14 мам, 2020 сағат 18:43

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 2,5 мыңнан асты

Коронавирус жұқтырған 55 науқас сауығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 17, Алматы қаласында - 12, Шымкент қаласында - 6, Шығыс-Қазақстан облысында - 3, Алматы облысында - 9, Түркістан облысында - 4, Жамбыл облысында 4 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2 531-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 518
Алматы қаласы – 567
Шымкент қаласы – 166
Ақмола облысы – 95
Ақтөбе облысы – 62
Алматы облысы – 106
Атырау облысы – 130
Шығыс Қазақстан облысы – 20
Жамбыл облысы – 100
Батыс Қазақстан облысы – 130
Қарағанды облысы – 129
Қостанай облысы – 36
Қызылорда облысы – 183
Маңғыстау облысы – 31
Павлодар облысы – 108
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 121.