16 мам, 2020 сағат 07:42

Коронавирус: Мәскеуде бір тәулікте 74 адам қайтыс болды

Ресей астанасы Мәскеуде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 74-ке өсіп, 1432-ні құрады, - деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб мәлім етті.

«Мәскеуде пневмония диагнозы қойылған және коронавирус инфекциясына жасаған тесті оң нәтиже көрсеткен 74 пациент қайтыс болды», - штабта.

Штабтың мәліметінше, бұл қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Егер ЖРВИ кез келген белгілері пайда болса, үйде қалып, өздігінен емделмеу керектігін еске салды. Мұндай жағдайда үйге дәрігер шақыру керек.