09 сәу, 2020 сағат 21:10

Коронавирус пандемиясы әлемдік тәртіпті өзгертеді - The Wall Street Journal

COVID-19 пандемиясы аяқталғаннан кейін көптеген мемлекеттердің институттары сәтсіздікке ұшырағанын мойындайды. Бұл түcінік қаншалықты объективті екені маңызды емес. Коронавируc пандемиясынан кейін бүкіл әлем енді бұрынғыдай болмайды, деп жазады АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер The Wall Street Journal газетінде жарияланған мақаласында.

«Коронавирус өте ауыр соққы болды. АҚШ-та әр бес күн сайын жағдай екі еселеніп жатыр. Коронавирустың емі жоқ. Медициналық қор аз, ал тиімді вакцина тек 12-18 айдан кейін пайда болуы мүмкін. АҚШ әкімшілігі вирустың таралуын тоқтата ала ма деген сұрақ туындайды. Дағдарыс жағдайы қандай масштабта болса да, коронавирустан кейінгі тәртіптің қандай болатынына қатар дайындықты кейінге қалдыруға болмайды», - дейді ол. 

Киссинджердің айтуынша, коронавирус пандемиясының саяси және экономикалық салдары бірнеше ұрпаққа тарауы мүмкін. 

Сонымен қатар, ешбір мемлекет вирусты ұлттық күшпен жеңіп шыға алмайды. 

«Коронавирусқа қатысты шешім жаһандық сипатта болуы тиіс. Яғни, ортақ жаһандық бағдарлама немесе жоспар қажет. Қазір біз қиын кезеңде тұрмыз. Ал қазіргі көшбасшылардың тарихи міндеті – дағдарыстан құтылу, сонымен қатар болашаққа негіз қалау. Бұл екі жағдай қолдан келмесе, әлем қиындықтан шыға алмай қалады», - деп жазады Киссинджер.