28 нау, 2020 сағат 18:47

Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы

Алматыда 12 жасар қыз бала коронавирустан жазылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол бүгін балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан үйіне шығарылды. 

«Бала вирусқа қарсы және симптоматикалық ем-домның толық курсын алды. Ауру жеңіл формада өтті», - деді басқармадан. 

Айта кету керек, 12 жастағы қыз бала 13 наурызда түнде Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. Сол түні борттағы экипаж бен жолаушылардың барлығы бірден оқшауланған болатын. 

Бұл Алматы ауруханаларынан жазылып шыққан 3-пациент. Олардың барлығы 14 күн дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде болды.