29 мам, 2020 сағат 05:03

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңға жуықтады

Өткен тәулікте Қазақстанда 356 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында - 84, Нұр-Сұлтан қаласында - 48 адамға вирус жұққан. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 29 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан. Өсім 3,7% құрады

  • Алматы қаласы – 84 (Барлығы 2462), өсім - 3,5%
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (Барлығы 1868), өсім - 2,6%
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 980), өсім - 2,2%
  • Шымкент қаласы – 32 (Барлығы 762), өсім - 4,4%
  • Қарағанды облысы – 34 (Барлығы 788), өсім - 4,5%
  • БҚО – 51 (Барлығы 544), өсім - 10,3%
  • Жамбыл облысы – 3 (Барлығы 365), өсім - 0,8%
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 354)
  • Алматы облысы – 7 (Барлығы 326), өсім - 2,2%
  • Қызылорда облысы – 6 (Барлығы 330), өсім - 1,9%
  • Ақтөбе облысы – 0 (Барлығы 304)
  • Павлодар облысы – 5 (Барлығы 197), өсім - 2,6%
  • Маңғыстау облысы – 40 (Барлығы 217), өсім - 22,6%
  • Ақмола облысы – 2 (Барлығы 151), өсім - 1,3%
  • Қостанай облысы – 0 (Барлығы 136)
  • ШҚО – 23 (Барлығы 97), өсім - 31,1%
  • СҚО – 0 (Барлығы 51)