28 нау, 2020 сағат 12:30

Коронавирус жұқтырғандар тұрғын үйлерге дезинфекция жасалады- Алматы облысында

Алматы облысында коронавирус жұқтырған адамдар тұрғын үйлерге дезинфекция жасалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін анықталған үш дерек бойынша, науқастардың тұрғылықты ауылдары Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылы, Іле ауданы Көкқайнар ауылы, Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешендерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмек. Тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Еске салсақ, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар туралы хабарлаған болатынбыз.