28 нау, 2020 сағат 15:56

Коронавирустан көз жұмған әйелмен пойызда бірге болған 2 қостанайлық карантинге жабылды

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен пойызда бірге болған екі адам Қостанай облысында карантинге жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 27 наурыз күні Арқалық қаласы мен Жітіқара ауданында екі адам ауруханаға жатқызылды. 

«Олардың коронавирустан қайтыс болған әйелмен бір пойызда болғаны анықталды. Жолаушылар Ақмола облысынан келе жатқан. Екеуінен де COVID-19 талдаулары алынып, теріс нәтиже көрсетті. Бұл адамдар барлық карантиндік мерзімде медицина қызметкерлерінің қадағалауында болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.