30 мам, 2020 сағат 03:18

Көрші елдерге автобустар қашан қатынай бастайды?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көрші елдерге автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті, -  деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды.

Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.