30 сәу, 2020 сағат 10:27

ҚТЖ-ның кейбір басшылары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаған

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жекелеген басшылары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара бопсалаған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде де жемқорлық дерегі анықталып жатады. Онда жекелеген басшылар вагондарды кедергісіз босатқаны үшін кәспкерлерден ірі көлемде пара бопсамалаумен айналысады», - деді Данияр Ақуан. 

Оның дерегінше, мұндай фактілердің жолы Алматы, Қостанай, Ақмола. Қызылорда және басқа да облыстарда кесілген. 

«Олар ұйымдастырған қылмыстық сызба заңсыз баюға мүмкіндік берген. Бұған қоса, пара сомасы 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін өзгеріп отырған.Ал жалпы пара сомасы ондаған миллион теңгеге жетіп жығылады», - деді ол.