Қырғызстанда 25 наурыз 14:00-дегі жағдай бойынша 44 адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы үкімет үйіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматова айтты, деп хабарлайды Кабар.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Бірі – 1960 жылғы ер адам, Бішкек қаласында. Ол Испаниядан келген адамнан жұқтырып алған. Екінші жағдай – 1985 жылғы ер адам. Шу облысы Мәскеу ауданының тұрғыны, ол 20 наурызда Дубайдан келген. Сондай-ақ, ол Испаниядан келген адамның қайта ұшып кеткенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта елде 44 адам коронавирусқа шалдықты, соның ішінде: Ош облысында - 22 жағдай, Джалал-Абад облысында – 19, Бішкекте – 3, Шу облысында – 1, Баткен облысында – 1. Барлығы - 44 жағдай», - деп хабарлады А. Акматова.