#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
12:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік басылымға сұхбаты 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды 9:34 СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

Қырғызстанның елшісі қазақ шекарашыларына алғыс айтты

  • 22.05.2020
  • 0
  • 165

Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевтан Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белгілі болғандай, Ресей Федерациясы Орынбор облысында пандемияға байланысты елдеріне қайта алмаған қырғыз елінің азаматтарын эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін елшілік қазақ шекарашыларына алғыс айтып, арнайы хат жолдады. 

«Ақтөбе облысы бойынша шекара департаментінің әскери қызметшілерінің адамгершілікпен қарап, аса сабырлықпен және шыдамдылықпен жүргізген жұмысы арқасында, 16 наурыздан бері Орынбор облысы Соль-Илецк қаласында болып, елдеріне қайта алмаған 500-ден аса қырғыз елі азаматтарының Отанына оралуына мүмкіндік туды. Шекара қызметінің барлық әскери қызметшілеріне алғыс айта отырып, өз қызметтерінде жетістікке жетуіне тілектеспін»,- делінген жолданған хатта. 

«Ел басына күн туғанда қол ұшын созған Қазақстан тарапы жедел шешім қабылдап, соның ішінде шекарашылар «Жайсан-авто» шекаралық бақылау бөлімшесі арқылы адамдардың үйлеріне тезірек оралуына жағдай жасады. Шекарадан аман-есен өткен Қырғыз азаматтары алдын ала дайындалған автобустармен оңтүстік шекараға жол тартты», - делінген ҰҚК мәліметінде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар