22 мам, 2020 сағат 12:26

Қытай мен ДДҰ коронавируспен күреске қаражат жинайтын қайырымдылық қор құрды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай билігі COVID-19-бен күресу үшін қаражат жинайтын қайырымдылық бағдарламасын іске қосты. "Ұлт ақпарат" бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайырымдылық қоры Tencent Foundation, Alibaba Foundation, Alipay Foundation секілді қытайлық 20 интернет-платформасы арқылы қаражат жинайды. 

«ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус CPWF қорының ДДҰ-ның COVID-19 пандемиясымен жаһандық күресте көрсетіп жатқан көмегін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол қор ДДҰ-ның адамдардың өмірін құтқару жолындағы күш-жігеріне тікелей үлес қосып жатқан жекелеген компаниялар мен тұлғаларға қолдау білдіретінін атап өтті», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.