31 мам, 2020 сағат 12:29

Louis Vuitton иесінің байлығы $100 млрд-тан асты

Жыл басынан бері Бернар Арно бірнеше рет әлемнің ең бай адамы атанды. Бірақ пандемия салдарынан жағдайы жиі ушығып отырды.

Дегенмен соңғы аптада Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының иесі өз байлығын $8,1 млрд-қа арттыра алды. Сөйтіп оның жиған-тергені $100 млрд-тан асып түсті. Бұл туралы хабарлаған Forbes басылымы 21-28 мамыр аралығындағы өзгерістерді есепке алған.

Басылымның жазуынша, бұған Еуроодақтың экономиканы қолдау жөнінде жаңа шараларды жариялауы әсер еткен. Осыдан кейін LVMH компаниясы акцияларының құны бірден 10% өсіп шыға келген. Сөйтіп Арноның байлығы $103,4 млрд-қа жеткен көрінеді.