11 сәу, 2019 сағат 09:11

Марғұлан Сейсембай сайлауға қатыспауының 7 себебін атады

Достар, мен қоғамдық белсенділігімнің арқасында көп қауымға белгілі болдым. Осыған орай, жұрт мені Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер болуға ұсынып жүр және көптеген сауалнамаларға, рейтингтерге қосып жүр. Мен оларды түсінемін. Сондықтан артық сөзді тоқтату үшін және барлық сұрақтарға жауап беру үшін өз пікірімді келтіріп отырмын. 

Біріншіден, біздің қоғам мен саясаттың байланысын біле отыра мен саясаттан әрі жүргенді жөн көремін.

Екіншіден, сайлау заңы бойынша еркін, тәуелсіз үміткер сайлауға қатыса алмайды. Тек партиялар арқылы ғана. Ал бізде қанша партия бар және олардың артында кім тұрғанын білесіздер.

Үшіншіден, сайлау заңының талабы бойынша, мемлекет органдарында істеген 5 жылдық тәжірибем жоқ. Менің ойымша, бұл - билікке бөтен адам кірмесін деп істелген нәрсе. 

Төртіншіден, үміткер кейінгі 15 жылда Қазақстанда тұруы қажет. Сіз білетіндей, мені елде қудағалағандықтан, мен бір жылдай шет елде тұруға мәжбүр болдым. 

Бесіншіден. Жоғары айтылған себептерден тыс, тәуелсіз адамға үміткер болуға мүмкіндік бермейтін, басқа да көптеген көзге көрінбейтін кедергілер бар.

Алтыншыдан, сайлаудың ашық, таза және әділ болатынына күмәнім бар. Менің пікірім бойынша бұл сайлаудың нәтижесі белгілі, оны өздеріңіз де білесіздер. Сайлау ашық болуы үшін, оған, өркениетті елдердегідей кез келген тәуелсіз үміткердің қатыса алатын жағдайы болу керек. Үміткерлердің сайлауға дайындалып үлгеретін уақыты болу керек, барлық үміткерлер БАҚ құралдары мен дауыс беру үдерісін қадағалауға бірдей әсері болу керек, xалық асықпай, ойланып таңдауға жағдай болу керек.

Жетіншіден, бұл ең маңыздысы, менің ойымша, келешекте барлық ел бір адамға қарап қалмауы керек. Сондықтан мен Қазақстанның Парламенттік Республика болғанын дұрыс деп есептеймін.

Достар, бұл менің жеке пікірім, сайлауға қатыспайтын себептерімді айтып бердім. Мен тек қана заңды жолдарын ойлайтын адаммын. Ешкімді, ештеңеге тартып ия насиxаттап отырған жоқпын. Мен қателесуім де мүмкін, бұрын көп қателескенмін де. Менің ниетім ол түкке тұрмайтын үміт пен болжауларды тоқтату ғана болды. Бізде арқашан өзімізге лайық билік болады. Сондықтан өздеріңізді өзгертіп, жұмыс істеп, белсенді болып, жауапкершілікті өз мойындарыңа алып, сабыр сақтаңыздар.

Марғұлан Сейсембайдың фейсбуктағы жазбасынан