19 нау, 2020 сағат 16:21

Мемлекет дамуының негізін Елбасы қалады – Әбілғазы Құсайынов

Еліміз дамуының негізін қалаған Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Кәсіподақтар федерациясының бұрынғы төрағасы, қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Одақ ыдырағаннан және онжылдық дағдарыстан кейін бәрі құлады, оның ішінде адами ресурстар, кәсіпорындардың банкроттығы, жұмыссыздық бар. Адамдар мамандықтарын өзгертті, 2000 жылдан бастап, алғашқы онжылдықта экономика өте белсенді өсті. Халықтың әл-ауқаты артқаны көзге көрініп тұрды. Тұтастай қалалар салынды. Мысалы, бұрын астанада 300 мың адам тұрса, қазір олардың саны миллионға жетті», - дейді Әбілғазы Құсайынов. 

Оның айтуынша, экономиканың дамуы бірқатар бағдарламаның, соның ішінде индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

«Бізде ешқашан көлік құрастыру болған емес. Бүгінде бұл салада көптеген зауыттар бар. Мен ұзақ жылдар бойы көлік инфрақұрылымында жұмыс істедім. Екі мың шақырымнан астам 4 жолақты автобан салынды деп айта аламын. Ол – қауіпсіз жолдар. Бұл Қазақстан үшін өте өзекті мәселе, өйткені жүк тасымалы мемлекетке табыс алып келеді. Жолдар кәсіпкерлер үшін де, тұрғындар үшін де ыңғайлы. Тарифтердің құнын төмендетуге және тасымалдау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көлік инфрақұрылымының дамуы мультипликативті әсерге ие және бүкіл экономиканы дамыту мүмкіндігі бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол өзге елдерден озық тәжірибелер алынғанын айтты.

«Мысалы, мұнай қоры – норвегиялық тәжірибе. Біз екі дағдарысты бастан кешірдік, үшінші дүниежүзілік дағдарыс коронавируспен байланысты. Оның салдарынан көптеген елдердің экономикасына нұқсан келді. Осы уақытқа дейін жинақталған қаржы осы қиындықты еңсеруге көмектеседі. Еліміз дамуының негізін қалаған Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Біз мұны мойындауымыз керек. Жас кадрларды дайындау, «Болашақ« бағдарламасымен оқу, шекараларды ашу - жас кадрларды дайындауға бағытталған әрекеттер еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жақсы саясат ұстанып, жастарды мемлекеттік құрылымдарға тартуда», - дейді қоғам қайраткері.