#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Мемлекеттік бас санитар шектеу шаралары күшейтілуі тиіс өңірлерді атады

  • 06.04.2020
  • 0
  • 158

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясы өршіп бара жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 1 сәуірінде шыққан менің қаулыма сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өтетін автоөткелдер мен теміржол өткелдерінде міндетті санитарлық карантиндік бақылау енгізілген. Қаулыға сәйкес міндетті түрде тексеру жүргізіліп, жүргізушілерден сауалнама мен тест алынуы тиіс. Тест теріс нәтижені көрсетсе де ол адам үй карантиніне жатқызылуы керек. Әлбетте тест оң нәтиже көрсетсе олар ауруханаға жатқызылады», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, Айжан Есмағамбетова Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында сырқаттанушылықтың жоғары өсімі тіркелгендіктен аталған өңірлерге карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау арқылы қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар