10 жел, 2017 сағат 21:20

«Менің Астанам» деректі фильмі

«Астана» дегенде шаһардың өзі емес, оның тұрғындарын айту қажет. Музейлер мен зәулім ғимараттар емес, ең бастысы – қаланы көріктендіріп, жанды әрі мәнді ететін ол – адамдары. Қанат Бейсекеев өзінің деректі фильмінде арман мен үміт, шабыт пен мақсат, сондай-ақ, түңілу, қаһармандық пен махаббат хикаяларын баяндайды. Астана тоғыстырған талай тағдыр мен тұрғындардың өмір тарихы туралы түсірген фильмді тамашалаңыздар!