05 мам, 2020 сағат 18:50

Мұнай бағасы қайтадан өсіп келеді

АҚШ-тың қорлар индексі сейсенбі күні өсімді көрсетті. Маусымда жеткізілген WTI маркалы мұнайдың фьючерлік бағасы 15 пайызға өсіп, 23,35 долларға жетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 10 пайызға көтеріліп, 29,94 АҚШ долларын көрсетті, деп хабарлайды Markets Insider ақпарат көзі.

Фьючерлік келісімнің екеуі де сәуір айының соңына дейін тарихи қысыммен бетпе-бет келген еді. Себебі мұнайға деген сұраныс күрт құлап, мұнай сақтайтын орындар толып кетеді деп күтілген. 

«Нарыққа қатысушылардың көбі мұнай бағасы туралы сөз қозғағанда «туннельдің соңында жарық бар» деп есептейді», - дейді UBS аналитигі Жованни Стауново (Giovanni Staunovo). 

Уоррен Баффетт өзіне тиесілі акцияларды сататынын жариялағаннан кейін United Airlines, American Airlines, Delta Air Lines пен Southwest Airlines секілді ірі әуе компанияларының акция құны төмендеп кеткені хабарланған еді. 

Шығыс уақытымен сағат 09.30-да сейсенбі күні S&P 500 индексі 1,3 пайызға көтеріліп, 2,880.04-ке жетті. Dow Jones өндірістік индексі 305 пунктке, ал Nasdaq индексі 1,4 пайызға көтеріліп, 8,834.89 пунктке жеткен.