18 нау, 2017 сағат 16:44

Назарбаевтің БАҚ өкілдерімен кездесуі (толық видео)

Елбасы Н.Назарбаев республикалық БАҚ өкілдерімен кездескен болатын. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Кездесудің толық видео нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.