27 мам, 2020 сағат 08:11

Өңірлерде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді. Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңірлерде 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті.

«Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді. Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды», - дейді ол.