12 мам, 2020 сағат 19:06

Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталады?

Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020_kz Telegram парақшасы.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған. Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді.

Ал Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.