19 мам, 2020 сағат 13:52

«Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.