25 нау, 2020 сағат 10:22

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 4 адам ауыр халде жатыр

5 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 55 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас ауыр халде жатыр. 

«Коронавирус жұқтырған 15 өзбекстандықтан пневмония табылды, төртеуі - ауыр халде жатыр», – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік инспекциясының бастығы Нурмат Отабеков.