21 мам, 2020 сағат 05:15

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 6 адам ауыр халде жатыр

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда тәулік бойы 84 адам коронавирус жұқтырған. Қазірде науқастардың жалпы саны 2939 кісіге жетті, деп жазады ӨзА.

Бүгінгі жаңадан вирус жұқтырған науқастардың 44 - шетелден келген азаматтар, 40 - карантинде болған азаматтар.

Сондай-ақ бүгін 34 азамат індеттен сауығып ауруханадан шыққан. Олардың қатары 2372 кісіге жетіп, 13 кісі қаза болған. Қазірде республикалық ауруханаларда 554 науқас дәрігерлер бақылауында қалған. Ондағы 6 ауру жанның жағдайы ауыр.

Еске салар кетсек, Өзбекстанда алғашқы коронавирус індеті 15 наурызда тіркелген еді. Науқас 11 наурызда Парижден оралған ташкенттік дәрігер болатын.