01 мау, 2020 сағат 08:27

Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы» делінген Мемлекет басшысының Twitter-дегі хабарламасында.