21 мам, 2020 сағат 12:23

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!», - деп жазды Мемлекет басшысы twitter парақшасында.