19 мам, 2020 сағат 15:26

Ресейде бір тәулікте 115 адам коронавирустан көз жұмды

Ресейде бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 263 адам тіркелді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Жедел штабтың телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

РФ-тің 83 өңірінде өткен тәулікте COVID-19-ды жұқтырған 9 263 адам анықталды. Бұл елде барлығы 299 941 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Одан жазылып шыққандар саны — 76 130 адам. 

Сонымен қатар, бір тәулікте аталған вирустың кесірінен 115 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал жалпы коронавирустан 2 837 адам қайтыс болды.