20 шіл, 2017 сағат 12:58

Рухани мұраларға жанашырлық

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазiргi заманға сай жаңғыру, оның iшiнде рухани жаңғыру мәселесi жан-жақты көтерiлген. Маңызды саяси-идеологиялық құжатта таяу жылдарға арналған жобалар мен ауқымды мiндеттер қойылып, елiмiз дамыған мемлекеттердiң қа-тарына енудi мақсат тұтады.

Елбасымыз айтқандай, көз iлеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгерiп отырған мына дү-бiрлi дүниеде таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағы-нан серпiлуiмiз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада рухани жаң-ғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау еке-нiн әрдайым есте ұстап, әлемдiк өзгерiстерге сай жаңаша ойлау жүйесiн қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегенiмiз – қазақи болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпақ-қа мұра ету, саналы да сапалы ұрпақ өсiру. Бiздiң ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерiмiзде, мәдениетiмiзде, барлық рухани құндылықтарымызда тәрбиелiк мән бар. Осы орайда Елбасының тiкелей бастамасымен қол-ға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы – елiмiздiң рухани-мәдени өмiрiндегi айтулы құбылыс бола бiлдi. Бұл жоба арқылы әлемге танылып қана қоймай, ұлттық мұраларымызды сақтап қала алдық. Бағдарламаны қабылдағаннан кейiн елi-мiзде көптеген жұмыстар қолға алына бастады. Мәселен, 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткiштiң реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғанға археологиялық зерттеулер жүргiзiлдi. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзi-мi дайындалды. Ұлттық мәдениет үшiн аса маңызды 30 сәу-леттiк және археологиялық қо-сымша ғылыми-зерттеу жұмыс-тары жүргiзiлдi.

Отырар ауданында 2001-2004 жылдары ЮНЕСКО-ның шешiмiмен Жапония мен Қа-зақстан арасында «Ежелгi Отырар қала-жұртын консервациялау және сақтау» қорының халықаралық жобасы жұмысын бастағаны қуанарлық жағдай болды. 

Қазiргi таңда мұражайда 258-ден астам тарихи-мәдени ескерткiш есепке алынған. Сондай-ақ, олардың аэрофото құ-жаттау жұмыстары iске асырылып, жаңа компьютерлiк бағдарламаларды пайдалана отырып, өңiрдiң ежелгi ирригациялық жүйесi зерттелдi. Елiмiздегi мұ-ражайлар мен ескерткiштер ұлттық мәдениетiмiздiң құнды жәдiгерлерi болып табылады. Қорыта айтқанда, егемендi елдiң әрбiр азаматы өткенiнен сыр шертiп, ата-бабаларының құнды тарихи мұраларын сақ-тап,  өскелең ұрпақтың санасына сiңiру керек. Бұл өз кезегiнде әрбiр азаматтың туған жерге деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.

Қ.ШОХАЕВ,

«Отырар мемлекеттiк археологиялық қорық-мұражайы»

РМҚК тарихи-мәдени ескерткiштердi қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi.