18 мам, 2020 сағат 11:55

Салық пен айыппұлды QR-кодпен мобильді банкинг арқылы төлеуге болады

Мемлекеттік қызметтерді, салық пен айыппұлды QR-кодпен Kaspi.kz мобильді банкинг арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Енді Электронды үкіметтің төлем шлюзінде QR-кодты сканерлеп, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. 

«Мемлекеттік қызметтер және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің осы әдісін пайдалану үшін электронды үкімет веб-порталында, Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеуші кабинетінде қызметке тапсырыс беру жеткілікті. Сосын Elicense.kz немесе ХҚКО филиалдарында, кейіннен ЭҮТШ бетінде «QR-code» Kaspi.kz таңдау және құрылған кодты Кaspi.kz мобильді қосымшасында сканерлеу қажет» делінген «Ұлттық технологиялар орталығы» АҚ хабарламасында.

Электронды үкіметтің төлем шлюзінде төлем картасымен, электронды әмиянмен, мобильді теңгерім сияқты төлем тәсілдері бар.