#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Сатиралық шығармаларға арналған республикалық онлайн байқау жарияланды

  • 27.03.2020
  • 0
  • 736

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мәдениет порталы» ақпарат агенттігімен бірлесіп, республикалық Қадыр Тайшықов атындағы сатиралық шығармалар байқауын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еліміздегі төтенше жағдайды ескере келе аталған байқау «Мәдениет порталында» онлайн түрде өткізілмек. 

Биыл Павлодар облысының тумасы, көрнекті жазушы, қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі, аудармашы, журналист, сазгер Қадыр Тайшықовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда, республикалық онлайн байқау жарияланды. Оған сатира жанрында жазылған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.

«Байқаудың мақсаты - әдеби шығармаларды кеңінен насихаттап, оны оқырман қауымға, жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы ретінде ұсыну, дарынды сатирик қаламгерлерді қолдау, сатира жанрын насихаттау және осы жанрдағы жазушылар мен ақындарды қалың оқырманға таныстыру. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты байқауды онлайн өткізуді ұйғардық», – деп атап өтті Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.

Онлайн байқауға қазақ және орыс тілдерінде сатира жанрында бұрын жарияланбаған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады. 

Шығармалар «Мәдениет порталында» жинақталып, жарияланады. Жазбалар 2020 жылдың 30 мамырына дейін қабылданады. Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай жүлделер тағайындалған. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар