25 мам, 2020 сағат 12:48

«Саяси партиялар туралы» заңға өзгеріс енгізіліп, толықтырылды

Мемлекет басшысы «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақордның ресми сайты хабарлады. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұл заң Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Оған сәйкес, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде отыз пайыз мөлшеріндегі квотаны енгізу және саяси партияларды құру үшін қолданыстағы сандық тіркеу талабын екі есе төмендету қарастырылған.