#
#
Cәрсенбі 03/06/2020
11:29 Мәжілісте ауылдардың интернетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды 11:19 Қасым-Жомарт Тоқаев: Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі 11:18 Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр 11:04 Қазақстанда ешқандай да қос билік жоқ – ҚР Президенті 10:45 Ресей мен Беларусь сияқты Одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ – Тоқаев 10:35 Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты: ЕАЭО келешегі, Байқоңыр болашағы, Қытаймен ынтымақтастық және басқа да мәселелер 10:02 Еуропарламент депутаты Тоқаевтың бір жылдық жұмысына қатысты пікір білдірді 9:57 Қостанай облысында екі шағын аудан бой көтереді 9:54 "Мемориал": Ресейде екі жыл ішінде саяси тұтқындар күрт көбейді 9:45 Түркістан облысында жазғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды

«Сергек» камералары Алматыдағы жол апатының азаюына ықпал етті

  • 22.05.2020
  • 0
  • 123

Алматыда жыл соңына дейін 380 «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полицияның мәліметінше, 4 айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 28,4% – ға азайған. Жалпы 765 көлік апаты тіркелді, соның салдарынан 23 адам қаза тауып, 884 адам түрлі дене жарақатын алды. 

«Апаттар санының азаюы «Сергек « АПК бейнебақылау камераларын орнатумен байланысты. Қазіргі уақытта Алматыда 404 «Сергек» камерасы жұмыс істейді. 2020 жылдың аяғына дейін қосымша 380 камераны (210 жол қиылысы, 170 сызықты аймақтарда) орнату жоспарлануда. 2020 жылдың 4 айында «Сергек» АПК камераларының көмегімен 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталды. 436 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Сондай-ақ, қалада 105 постан тұратын «БДД» ААЖ құрылды. Камералар орнатылған жерлерде жыл сайын жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы 20% -ға төмендеуде», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Жалпы жыл басынан бері қала жолдарында 214 506 жол ережелерін бұзу фактілері анықталып, 1,2 миллиард теңгеге айыппұл салынды.

«Әкімшілік жауапкершілікке 76 648 ереже бұзушы тартылды, оның ішінде 74 479 жүргізуші, ал 276 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Сот 379 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 235 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды», - деді Қанат Таймерденов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар