23 мам, 2020 сағат 11:24

ШҚО-да бүгіннен бастап облысішілік автобустар жолға шықты

Шығыс Қазақстан облысында 23 мамырдан бастап бірқатар карантин шектеуі жеңілдетілді.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгіннен бастап Семейден басқа қала, аудандарда автобус қатынай бастады. Сонымен қатар балабақшалар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастаған. 

«Барлық дерлік өнеркәсіптік кәсіпорындар карантинге дейінгі жұмыс режиміне көшті. Жекеменшік объектілердің 65 пайызы бұрынғы қызметін бастады. Мейрамханалар, дәмханалар және басқа да тамақтану орындары ашылды. Ондағы санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауда», - делінген мәліметте.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласының тұрғындарына Горная Ульбинка, Сібе көлдері мен Бұқтырма су қоймасына демалысқа баруға рұқсат берілген.