#
#
Дүйсенбі 25/05/2020

ШҚО-да коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты Мысырдан келген

  • 28.03.2020
  • 0
  • 230

Семей қаласында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты Мысырда демалыста болып, 21 наурыз күні елге келген.

Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook парақшасында жазды . 

«Семейде коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Олар 2020 жылдың 21 наурызында елімізге «Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Cұлтан» рейсімен оралып, ары қарай өз көліктерімен Семейге жеткен», - дейді аймақ басшысы. 

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни тағы 5 адам болыпты. 2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 сынамасы төрт адамда теріс нәтиже көрсеткен. Бір сынама нәтижесі әлі анықталған жоқ. 

«Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынған. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында. Науқастардың жағдайы орташа деңгейде. Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтелге болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», - деп толықтырды әкім.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар