29 мам, 2020 сағат 15:29

Шұғыл қызметтер тізіміне білімге қатысты бірыңғай байланыс орталығы қосылды

Шұғыл қызметтердің тізбесіне (медициналық көмек, құқық қорғау, өрт, авария және т.б) тағы бір тармақ қосылды. Бұл туралы қаулыны ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы

«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №929 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

«9. Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1450».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     А. Мамин