05 сәу, 2020 сағат 09:05

Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды

Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған 1964 жылы туған азамат. Осымен елімізде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. 

Айта кетейік, осы уақытта Қазақстан бойынша вирус жұқырғандар саны 551 адамды құрап отыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы – 219, 

Алматы қаласы – 110, 

Шымкент қаласы – 13, 

Ақмола облысы – 20, 

Ақтөбе облысы – 10, 

Алматы облысы – 10, 

Атырау облысы – 22, 

Шығыс Қазақстан облысы – 5, 

Жамбыл облысы – 28, 

Батыс Қазақстан облысы – 2, 

Қарағанды облысы – 27, 

Қостанай облысы – 1, 

Қызылорда облысы – 30, 

Маңғыстау облысы – 3, 

Павлодар облысы – 1, 

Солтүстік Қазақстан облысы – 25, 

Түркістан облысы – 25.