27 мам, 2020 сағат 09:18

СҚО-да COVID-19 жұқтырғандардың жартысына жуығы шет елден келгендер

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінге дейін жұқпалы індеттің 49 дерегі тіркелсе, соның 24-і шет елден келгендерден анықталған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандардың біреуі Мысыр елінен, екеуі – Ұлыбританиядан және қалған 21-і Ресейден келген. Сырттан науқастанып келгендердің негізгі бөлігін студенттер, көлікпен жүк тасымалдаушылар және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер құрайды. 

Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың 78%-ында жұқпалы індеттің еш белгісі болмаған. Қазіргі таңда СҚО-да 24 мың адам COVID-19 тексерілді. 

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 7% артқан жағдайда Ведомствоаралық комиссияның шешімімен карантин режимі қайта қатаңдатылады. 

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде инфекциялық стационарда 14 адам ем алып жатыр. Карантиндік стационарда – 100, провизорлық стационарда – 41 және үй карантинінде 467 адам отыр.