#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

СҚО өзенінде су деңгейі бір тәулікте 167 см көтерілді

  • 06.04.2020
  • 0
  • 150

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ковыльное, Возвышенко елді мекендерінің жанынан өтетін Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі күннен-күнге көтеріліп келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ақанбұрлық өзенінің деңгейі Ковыльное елді мекенінің маңында бір тәулікте 167 см көтерілсе, Возвышенкода 154 см артқан. Бұл жерлерде мұз кептелісі байқалады. Ал Гусаковка елді мекені маңынан өтетін Бабықбұрлық өзені 84 см көтерілді. 

Есіл өзенінің де суы күннен-күнге молайып жатыр. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылының жанында өзен деңгейі бір тәулікте бірден 135 см, Сергеевка қаласының маңында 99 см, Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында 117 см, ал Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекенінде 52 см артқан. 

«Сергеев су қоймасында су деңгейі 890 см жетті. Бір тәуліктегі өзгеріс 20 см. Су қоймасынан секундына 453 текше метр су жіберіліп жатыр. Бөгеттен биіктігі 90 см су асып төгіліп жатыр. Петропавл су қоймасында су деңгейі 707 см, бір тәуліктегі өзгеріс - 4 см», - делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ хабарламасында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар