06 сәу, 2020 сағат 05:00

Спортшылар елорда тұрғындарымен бірге таңғы жаттығу жасады

Нұр-Сұлтанда жаппай таңертеңгілік жаттығу өтті. Ол коронавирус инфекциясымен күреске қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды қала әкімдігі.

Таңертең Б.Момышұлы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары балконға шығып спортшылармен бірге жаттығу жасады. Жаттығуды бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен 2017 жылғы бокстан әлем кубогының жеңімпазы Римма Волосенко жүргізді. Тұрғындар спортшылармен бірге таңертеңгілік жаттығуда белсенділік көрсетті.

«Осы қиындықты еңсереміз. Сондықтан сабыр сақтап үйде отырып, балаларыңызбен бірге спортпен айналысыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз бірге еңсереміз! Біз біргеміз!», - дейді 2013 жылғы әлем чемпионы боксшы Мерей Ақшалов.