28 мам, 2020 сағат 18:07

Президент «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің шақыруымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының атынан «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатыстым. Жиында Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айттым», - деп жазды ҚР Президенті.