19 мам, 2020 сағат 15:13

Тоқаев: ЕЭК өкілеттігін кеңейту мәселесі мұқияттылықты қажет етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттігін кеңейту мәселесі мұқияттылықты қажет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызметтердің саудасы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен екіжақты келіссөздеріне Еуразиялық экономикалық комиссияны қатыстыруға құқық беру туралы ЕЭК-тің өкілеттігін кеңейту мәселесі - мұқияттылықты қажет етеді», - деді Президент Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысында. 

Мемлекет басшысы бұл мәселе қосымша зерттеуді талап ететінін айтып өтті.

«Шын мәнінде, мұның іс жүзіне қалай іске асырылатынын елестету қиын: екіжақты келіссөздерге комиссия өкілі қатысып отырады. Қызметтерді саудалау саласында инвестициялар – ұлттық құзіреттілікке жатады. Себебі ол басқа елдердің мүдделеріне қайшы келмейді. Тиісінше, бұл жұмысқа комиссияның адами және қаржылық ресурстарын тарту – ашығын айтқанда бізге түсініксіз. Егер тараптар үшінші елдермен келісімнен кейін ЕЭК-ке ақпарат берсе, жекелеген жағдайларда келіссөздерге дайындық жұмыстарына консультациялық кеңес сұраса, келіссөзге қажетті ақпаратпен, тәжірибемен алмасса – мәселе басқа», - деді Қ.Тоқаев.