25 нау, 2020 сағат 17:18

Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін қолдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін толық қолдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жапония премьер-министрі С.Абэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық қолдаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарының мән-маңызын қайта қарау қажет. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.