18 мам, 2020 сағат 07:10

Трамп АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың күрт азайғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елде соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандардың саны күрт азайған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Газета.ru басылымына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарының басшысы кей жағдайды қоспағанда, АҚШ территориясында COVID-19 тіркелгендер саны айтарлықтай азайғанын атап өтті.

"Бұл шынымен жақсы жаңалық!" - деп жазды Трамп Twitter-де.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы деректеріне сүйенсек, АҚШ-та 1,486 миллион адамнан коронавирус анықталған. COVID-19 жұқтырған 89,56 мың адам қайтыс болған, 268 мың адам жазылды.