30 қаз, 2018 сағат 09:33

Үкілі Кәмшат (фильмнің толық нұсқасы)

Жас режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» немесе «Хозяева» фильмі ел аралап жақсы пікірлер жинап қайтты. Баспанасыз қалған қос бауыр мен олардың қарындасы жөніндегі кино шетелдіктердің назарында екі жыл бойы жүрді. Енді кезек отандық көрермендерге де келіп жетті. Алайда, фильмді шығарушылар оны таныстырудың өзгеше түрін таңдапты. Өзгелер секілді кинотеатрдан немесе көгілдір экраннан емес, youtube сайты арқылы көпшілікке ұсынды.