27 сәу, 2020 сағат 12:51

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/- 2 п.т. пайыздық дәлізбен жылдық 9,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, -деп хабарлайды Банктің баспасөз қызметі.

2020 жылғы сәуірде Қазақстандағы ахуал сыртқы экономикалық жағдайлардың нашарлауы ықпал етуде. Коронавирустың таралуы аясында карантин шаралары ұзартылды. Әлемнің ірі экономикалары іскерлік белсенділіктің төмендеуіне ұшырауда, бұл әлемдік сауданың, өндірістің, көрсетілетін қызметтер салаларының көрсеткіштеріне ықпал етеді.

Мұнай нарығындағы ахуал сұраныс пен ұсыныстың сақталып отырған теңгерімсіздігі аясында тұрақсыз болып қалуда. 2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляциялық тәуекелдер іске асырыла бастады.

Базалық мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің деңгейін жылдық 9,5%-ға дейін төмендету және пайыздық дәлізді +/- 2 пайыздық тармаққа дейін кеңейту туралы кезектен тыс шешім қабылдаған еді.