14 нау, 2019 сағат 07:56

Ұлттық мінезді социум қалыптастырады...

Дүниеде қазақтың саны 18 млн-ға жетер-жетпес. Өкінішке орай, біз азбыз. Кеңес өкіметінің озбыр саясатының арқасында кеміп қалдық. Егер аштық, репрессия болмағанда қазақтың саны 50- млн болуы шарт еді...

 50-млн халқы бар мемлекет қандай да болмасын сыртқы күштерге қарсылық көрсете алады. Осы аз күйімізбен ішкі бірлігіміз тапшы. Бір-бірімізге кінәмшылмыз. Бір-біріне айдар таққанда әлемде бірінші орынға шығатын шығармыз.

Ішкі шырқымызды бұзу оп-оңай болып шықты. Бір құмалақ келіп, бүлдіре салады екен. Бұл ұлттық психологияға биліктің қатысы жоқ. Қазақтың өз "салт-дәстүрі".

"Бөлінгенді бөрі жейді", мұны бәрі біледі. Бірақ, кінә тағамыз, өзімізге. Мемлекетке де кінә таққымыз келеді. Ұлттық мінезді социум қалыптастырады.

Биліктің әрине өз кемшіліктері жеткілікті. Дегенмен, ұлттың ауызбірлігі, ол қоғамның жұмысы. Жазғыру, өкпелеу, айдар тағу, спорт тәрізді. Рухани мәдениетті басқа деңгейге көтеріп, саяси ұлт биіктігіне шығу шарт. Онсыз ұлт болмаймыз.

Қазақ бір-бірін түсініп, сүйсініп, бірінің қатесін кешіре білген кезде ғана, заманның қауіп-қатеріне жауап бере алатын халыққа айналады. Бұл қоғамның ең негізгі борышы, жұмысы, атқаратын миссиясы.

Басқа ұлтты қойып, өзіміз квартираларға бөлініп кетпейік... Қазақ ақжарқын, кеңпейіл, бауырына ыстық көңілмен қарайды, көршісімен сыпайы. Бұл біздің образ. Өте жақсы, керемет бейнеміз. Сол образ алыстаңқырап, көлеңкеленіп бара жатыр...

Ерлан Саировтың фейсбуктағы жазбасынан